«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө Өкімі (2019.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө Өкімі
(2019.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2015.28.12. № 154-ө Өкімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдасын;
3) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың шешімдері қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын тиісті қатынастарды реттеген актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне ай сайын, есепті айдан кейінгі, айдың 25-күні қабылданған шаралар туралы жиынтық ақпарат берсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Демо – версия документа