«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1446 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1446 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
2. 1-тармаққа сәйкес қайта аталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 18, 22, 24, 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Астана қаласы)»;
«22. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Теміртау қаласы)»;
«24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Қостанай қаласы).
25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Ақтау қаласы).»;
реттік нөмірлері 19, 20, 21, 23, 26-жолдар алып тасталсын;
Демо – версия документа