(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 ЖЫЛҒЫ 26 ТАМЫЗДАҒЫ № 1247 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен
өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы
(2010.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін.
2. «Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі № 1361 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің 1999 жылғы
26 тамыздағы № 1247
қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және
қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің
ережелері
ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2010.01.07. № 681 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа