Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 16 CӘУІРДЕГІ № 424 ҚАУЛЫСЫ

Магистралдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 Қаулысы

(2013.21.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Магистралдық темір жол желісін пайдалану ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы pecми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2004 жылғы 16 сәуірдегі

№ 424 қаулысымен

бекітілген

 

 

Магистралдық темір жол желiсін пайдалану
ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Магистралдық темір жол желісін пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және магистралдық темір жол желісін (бұдан әрі - магистралдық желi) пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Ереже магистралдық желiнi пайдалануды ұйымдастыру және жүзеге асыру процесінде магистралдық желi операторының (бұдан әрі - оператор), тасымалдаушылардың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті органның (бұдан әрi - уәкiлетті орган) арасындағы қатынастарды реттейді.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Тасымалдауды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктері - магистралдық темір жолдардың және бөлек пункттердің поездардың қауіпсіз қозғалысын, кедергісiз өткізілуiн, қабылдануын, өңделуі мен жөнелтілуін жүзеге асыру жөніндегі қабiлеті.

Осы Ережеде пайдаланылатын басқа да ұғымдар «Темір жол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен анықталған мәнiнде қолданылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку