«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 211 Қаулысы (2016.30.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 211 Қаулысы
(2016.30.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.30.05. № 147 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдың нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерінде, сондай-ақ еселтілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінде:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.»;
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақтың алтыншы абзацы 2015 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды
«3. Банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінен кешіктірмей осы Нормативтік мәндердің 3-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса бере отырып, банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есепті қағаз тасымалдауышта және (немесе) электрондық форматта ұсынады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа