Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.04.08 № 914 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 914 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 4 тамыздағы

№ 914 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 512-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесінде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Уәкілетті органның ұсынылған құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау мерзімі өтініш қабылданған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Төлем (төлеуден бас тарту) туралы қабылданған шешім туралы уәкілетті орган өтініш берушіге мұндай шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде хабарлайды.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Өтініш берушіге мынадай жағдайларда материалдық қамсыздандыруды тағайындаудан бас тартылады:

1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаса;

2) өтініш беруші осы ереженің 2-тармағындағы шарттарға сәйкес келмесе.».

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку