Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.06.12 № 1554 ҚАУЛЫСЫ

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1554 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;

2) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті - азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызметтің лицензиары;

2) Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттері - азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметтің лицензиары болып;

3) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеуге, өндіруге, сатуға және пайдалануға байланысты қызметтерді жүзеге асыруға лицензиялар беруді келісетін мемлекеттік органдар белгіленсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку