(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АРАЛЫҚ СОТТАР ТУРАЛЫ 2004.28.12 Ж. № 22-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Аралық соттар туралы
(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы аралық соттары құрылуының, қызметiнiң, сондай-ақ шешiмдерi орындалуының тәртібін реттейдi.
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аралық келiсiм - тараптардың азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi;
2) аралық сот - тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, биржалық төрелік немесе тараптар нақты дауды шешу үшiн құрған аралық сот (бұдан әрi - нақты дауды шешуге арналған аралық сот);
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) аралық сотта талқылау - аралық сотта дауды қарау және аралық соттың шешім қабылдау процесi;
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) аралық сотта талқылау тараптары - араларында аралық келісім жасасылған қуынушы мен жауапкер;
Редакция документа
Демо – версия документа