(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013.27.08 № 215 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 215 Қаулысы
(2014.27.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
3. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - орталық депозитарий) және «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - тіркеуші) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне орталық депозитарий мен тіркеушінің ережелер жинағына өзгерістер мен толықтыруларды белгіленген тәртіппен келісуге ұсынсын.
Редакция документа
Демо – версия документа