«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 973 Жарлығы (2016.07.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы
(2016.07.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы ереже;
2) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығы;
2) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 705 Жарлығы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат).
Қазақстан Республикасы Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2014 жылғы желтоқсанның 5-і.
№ 973
Президентінің
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 973 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің
қамқоршылық кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа