«Ақтоғай кен байыту комбинатын салу», «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу, «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу», «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобалары бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 1230 Қаулысы (2015.10.09. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
«Ақтоғай кен байыту комбинатын салу», «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу, «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу», «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобалары бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 1230 Қаулысы
(2015.10.09. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015.10.09. № 764 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу», «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2015.10.09. № 764 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу» басым жобасын (өтініш беруші - «KAZ Minerals Aktogay (КАЗ Минералз Ақтоғай)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобасын (өтініш беруші - «KAZ Minerals Bozshakol (КАЗ Минералз Бозшакөл)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
Демо – версия документа