(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.20.10 № 1192 ҚАУЛЫСЫ
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 27 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақы төлеу қағидалары;
2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 20 қазандағы
№ 1192 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу
қағидалары
Редакция документа
Демо – версия документа