Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 25-қосымша) (2023.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (алып тасталды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2023.06.09. № 679 бұйрығымен алып тасталды
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.25.07. № 619 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
25-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
(2023.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2023.11.04. № 287 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі-ҚАЖ комитеті) облыс аумағындағы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріне басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент ҚАЖ мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Документ утратил силу
Демо – версия документа