Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 11-3-қосымша) (2016.05.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2014.27.10. № 738 бұйрығымен 11-3-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 477 бұйрығына
11-3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Тергеу департаменті туралы
ереже
(2016.05.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Тергеу департаменті (бұдан әрі - ТД) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) ішкі істер органдарында қылмыстарды тергеуді, анықтауды және ашуды қамтамасыз ететін және тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлінісі болып табылады.
2. ТД өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ТД-нің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітеді.
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.05.11. № 1033 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. ТД:
1) Басшылықтан;
2) Алдын ала тергеуді талдау жұмысы басқармасынан;
3) Алдын ала тергеуді аймақтық бақылау басқармасынан;
4) Ұйымдастырушылық-әдістемелік басқармасынан;
5) Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасынан;
6) Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша тергеу және аймақтық бақылау басқармасынан;
7) Жеке тұлғаға қарсы аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасынан;
8) Жеке меншікке қарсы аса ауыр қылмыстарды тергеу басқармасынан;
9) Әскери-тергеу басқармасынан тұрады.
2. ТД-нің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: ішкі істер органдарының тергеуіне жатқызылған қылмыстардың жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз ету мақсатында тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу бөліністерін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару және аймақтық бақылау.
Функциялары:
1) тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін үйлестіру және бақылау;
Демо – версия документа