Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 22-қосымша) (2024.11.03. берілген өзгерістермен)

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.11.04. № 287 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 662 бұйрығына

22-қосымша

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.02.06. № 443 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы

ереже

(2024.11.03. берілген өзгерістермен)


1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.02.06. № 443 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.11.03. № 220 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріне басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент ҚАЖ мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции