«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 және «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 және «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;
2) инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі;
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.»;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісімшарт осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы сыныптарының деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізат және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі алып тасталсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа