«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 Қаулысы (2019.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 Қаулысы
(2019.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 131 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 253-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 50-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1077 қаулысымен
бекітілген
Өрт қауіпсіздігі қағидалары
1. Жалпы ережелер
Ұйымдық-техникалық іс-шаралар
Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 919 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2019.13.12. № 921 Қаулысымен 1-1 - 1-6-тармақтармен толықтырылды
Документ утратил силу
Демо – версия документа