(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.09.06 № 632 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру Кеңесі) құрылсын.
2. Үйлестіру Кеңесінің жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 632 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы
ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді
іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің
құрамы
Қазақстан тарапынан: | ||
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
| - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы
| - | Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша), төрағаның орынбасары |
Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы
| - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы
| - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |
Редакция документа
Демо – версия документа