(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.16.04 № 365 ҚАУЛЫСЫ
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі комиссия құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 365 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 16 сәуірдегі
№ 365 қаулысымен
бекітілген
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік
жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) квазимемлекеттік секторды қысқарту және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін тиімді пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Редакция документа
Демо – версия документа