Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.28.08 № 876 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 28 тамыздағы

№ 876 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің

тізбесі

 

Р/с №

Объектілердің атауы

1

2

1. Аса маңызды мемлекеттік объектілер

1

Орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, арнаулы, құқық қорғау органдарының, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың әкімшілік ғимараттары мен объектілері

2

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары

2. Стратегиялық объектілер

3

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi және Республикалық ұланы iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiмен бiрлесiп күзететiн, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген Қазақстан Республикасының объектiлерi, сондай-ақ мемлекеттiк маңызы бар объектiлер

4

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлiмдерi

5

Мемлекеттiк материалдық резервтерi бар объектiлер (медициналық препараттарды, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлiк және киiм-кешек қоймалары)

6

Ауыр қылмыс жасауға күдікті адамдарды стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өткізу және зерттеу жөніндегі мемлекеттік ұйым

7

Ғарыш инфрақұрылымының объектілері

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку