(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 17 ҚАҢТАРДАҒЫ № 45 ҚАУЛЫСЫ
Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысы
(2005.13.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкiметінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген
Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдалану
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер мен мемлекеттік нормативтерге сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже ерекше режим белгiленетiн әскери және басқа объектiлердi (бұдан әрi - ерекше режим объектiлерi) жаңадан игерiлетiн (жайластырылатын, салынатын) аумақтарда орналастыруды жоспарлаған әрi орналастырған кезде, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қала құрылысы регламентациясының әдiстерiмен режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың тәртібін белгiлейдi.
Ерекше режимдiк, режимдiк және ерекше қорғалатын объектiлердi жобалағанда, салғанда әрi қайта жаңғыртқанда Қазақстан Республикасының ерекше режимдiк, режимдiк және ерекше қорғалатын объектілерiнiң санатына мемлекеттік органдарды және ұйымдарды жатқызу жөніндегі бекiтілген нормалармен талаптар қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа