(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.24.05 № 415 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 Қаулысы
(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.17.03. № 254 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 (бұр.ред.қара); 2009.07.05 № 661 (бұр.ред.қара); 2010.07.06. № 518 (бұр.ред.қара); 2011.08.02. № 93 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2012.29.12. № 1740 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 мамырдағы
№ 415 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі
және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
| Қазақстан Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
|
Бектұров Азат Ғаббасұлы
| Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
|
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі (келісім бойынша)
|
Редакция документа
Демо – версия документа