(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.12.2008 № 1126 ҚАУЛЫСЫ
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 Қаулысы
(2011.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2011.25.06. № 708 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 2011.25.06. № 708 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын жылдың қортындылары бойынша 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 703 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі |
К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш»
Бағдарламасы
Мазмұны
|
3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау |
Редакция документа
Демо – версия документа