Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шарт (Минск қ., 2014 жылғы 10 қазанда)

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы
шарт
(Минск қ., 2014 жылғы 10 қазанда)

 

ҚР 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 266-V Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы,

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру кезінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілгенін назарға ала отырып, 2014 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанын ескере отырып,

мыналар туралы уағдаласты:

 

 

1-бап

 

1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ, Қоғамдастық), сондай-ақ Қоғамдастық органдарының қызметі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.

2. Осы Шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жағдайда, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарттың қолданысы сол күннен бастап тоқтатылады, өзге жағдайда көрсетілген Шарттың қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатыла тұрады және осы Шарт күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

 

 

2-бап

 

Қоғамдастық органдарының қызметін тоқтату бойынша іс-шаралар ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің шешімімен айқындалады.

 

 

3-бап

 

1. Осы Шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жағдайда, осы Шартқа 1-қосымшада санамаланған халықаралық шарттардың қолданысы сол күннен бастап тоқтатылады, өзге жағдайда бұл шарттардың қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатыла тұрады және осы Шарт күшіне енген күнінен бастап тоқтатылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку