(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.26.08 № 828 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 828 Қаулысы
(2014.26.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 828 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің
қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. «Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі мен «Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
Редакция документа
Демо – версия документа