(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.29.04 № 411 ҚАУЛЫСЫ
Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері және кейбір мемлекеттік мекемелерді тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 411 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларды қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері таратылсын.
2. Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті 5 420 бірлікке ұлғайтылсын, оның ішінде:
1) мыналардың есебінен ауылдық округтер, кенттер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдар әкімдерінің аппараттарын 4 869 бірлікке нығайтуға:
Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери қызметшілерін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарының және олардың ведомстволарының санын қысқарту (оның ішінде бос орындар есебінен) - 4 006 бірлік;
мына:
Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің - 224 бірлік;
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің - 139 бірлік аумақтық органдарын - мемлекеттік мекемелерін тарату;
жергілікті атқарушы органдардың облыстық құрылымдарының штат санын 500 бірлікке мыналар арқылы оңтайландыру:
облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарын 216 бірлікке қысқарту;
облыстық басқармаларды қайталайтын облыстардың жергілікті атқарушы органдары әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелерін 94 бірлікке оңтайландыру;
Редакция документа
Демо – версия документа