Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.26.02 № 186 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 186 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлықтарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Атом энергиясы комитеті құрылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып;

2) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып;

3) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта аталсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку