(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.05 № 706 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Инфекцияға қарсы препараттар орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 706 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғам жарғысын бекітуді;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамның мемлекеттік тіркелуін;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне беруді;
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 706 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа