Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.06.12 № 1193 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1193 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті болып қайта аталсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1273 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.

6. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларын, 2, 3, 5, 6-тармақтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 6 желтоқсандағы

№ 1193 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку