(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 5 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1180 Қ...
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1180 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті құрылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті деп қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-тармақта:
1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшалар алынып тасталсын;
10) тармақшада:
«Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту» деген сөздер «Инвестиция және өнеркәсіп» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Сауда қызметін реттеу» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 13-жол «, Астана қаласы» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
Редакция документа
Демо – версия документа