(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.19.11 № 1222 ҚАУЛЫСЫ
Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 Қаулысы
(2013.21.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 4-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 19 қарашадағы
№ 1222 қаулысымен
бекітілген
Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - ақпараттандыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) куәландырушы орталықты аккредиттеу (бұдан әрі - аккредиттеу) - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсетудегі құзыретін уәкілетті органның ресми мойындауы;
3) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі - АКҚҚ) - криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, шоғырландыруды, қалыптастыруды, таратуды немесе кілттерді басқаруды іске асыратын құралдар.
Редакция документа
Демо – версия документа