Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.29.04 № 403 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, таратылатын кәсiпорын кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүліктi мекемеге берудi қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын.

4. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асыратыны белгiленсiн.

5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку