(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2012.25.05 № 195 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 195 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды (бұдан әрі - Өзгерістер мен толықтырулар) осы қаулының қосымшасына сәйкес енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының қырқыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 195 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа