(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2011.30.09 № 118 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 118 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті беру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі
Төраға Смаилов Ә.А.
2011 жылғы 26 қазанда
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 118 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін
өзгерістердің тізбесі
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 326 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3313 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітіліген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа