(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010.03.09 № 131 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 Қаулысы
(2014.03.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Агенттік Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктердiң баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі күн сайынғы және ай сайынғы есептi беру мерзiмдерi туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 388 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 3413 тiркелген);
2) Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктеріндегі банк шоттарындағы қалдықтары туралы есептi екiншi деңгейдегi банктердiң ұсыну нысаны мен мерзiмiн бекіту туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 162 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 3722 тiркелген);
3) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысының 16, 18-тармақтары (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 3868 тiркелген);
Редакция документа
Демо – версия документа