(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013.26.07 № 184 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 Қаулысы
(2014.26.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күнге дейін кастодиандар жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтеріне қатысты бағалы қағаздар нарығындағы кастодиандық қызметті жүзеге асыру кезінде «Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5796 тіркелген) талаптарын басшылыққа алады.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 184 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру
қағидалары
Редакция документа
Демо – версия документа