(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.11.06 № 595 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 595 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкiметiнiң
2013 жылғы 11 маусымдағы
№ 595 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі - Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды тұлға.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі өз құзыретінің шегінде шешімдер қабылдауда дербес және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында дербес жауапты болады.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция істері министрінің негізгі міндеттері,
функциялары мен құқықтары
5. Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрінің негізгі міндеттері:
1) сыртқы сауда саясатын реттеу және дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысуы мәселелері бойынша және оларды мемлекеттік билік органдарының іске асыруы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
Редакция документа
Демо – версия документа