Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.12.2008 № 1127 ҚАУЛЫСЫ

«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1127 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:

1) бәсекелестік саясат саласында талдамалық және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу;

2) бәсекелестік саясаттағы әлемдік үрдістерді және олардың

Қазақстанның тауар нарықтарына әсерін зерделеу;

3) өңірлердегі және экономика салаларындағы бәсекелестік деңгейінің оңтайлы моделін айқындау;

4) тауар нарықтарын монополияландырудан және экономикалық шоғырландырудан, сондай-ақ экономиканы мемлекеттік реттеуден туындайтын экономикалық салдарларды болжау болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігімен (Монополияға қарсы агенттік) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) 2008 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 90 000 000 (тоқсан миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;

2) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2008 жылғы 2 желтоқсандағы

№ 1127 қаулысымен

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку