Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.14.05 № 708 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы №  708 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің тиісті аумақтардағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері олардың құрамынан жеке заңды тұлғаларды бөліп шығару жолымен;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер бірігу және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті құрылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды басқару органы болып белгіленсін.

3. Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру құрылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағына берілсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку