(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 1 НАУРЫЗДАҒЫ № 209 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 наурыздағы № 209 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттарды сараптау және стандарттау жөніндегі республикалық базалық зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 1 наурыздағы
№ 209 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
Редакция документа
Демо – версия документа