(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.30.12 № 1688 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мннистрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1688 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
Редакция документа
Демо – версия документа