Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 29 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 859 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті оралмендарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 859 Қаулысы

(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейімдеу қызметтерін көрсету мемлекеттік мекемелер қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

3. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку