Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.01.11 № 1390 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1390 Қаулысы

(2014.15.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 1 қарашадағы

№ 1390 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

14-тармақта:

бір жүз елу жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеуге қатысу;»;

мынадай мазмұндағы бір жүз елу сегізінші, бір жүз елу тоғызыншы, бір жүз алпысыншы, бір жүз алпыс бірінші, бір жүз алпыс екінші, бір жүз алпыс үшінші абзацтармен толықтырылсын:

«жеке сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын орындауын бақылау;

мемлекеттік сот орындаушысының қызметін бақылау;

жеке сот орындаушыларының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын және өздерінің міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастыру;

интегралды микросхема топологиясын пайдалануды мемлекеттік бақылау;

аумақтық нотариалдық палаталар қызметін бақылау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку