Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 16-қосымша) (2014.02.12. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 477 бұйрығына

16-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

(Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже
(2014.02.12. берілген өзгерістермен)



1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы) (бұдан әрі - ІІМ МКҚБ) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін және өз құзіреті шегінде мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер мен жеке тұлғаларды күзету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. ІІМ МКҚБ республикалық мемлекеттік мекеменің түріне жатады.

3. ІІМ МКҚБ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысымен құрылған.

4. ІІМ МКҚБ-ның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) болып табылады.

5. Күзет қызметі саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты субъекті функциясының құқығы бойынша жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы ІІМ болып табылады.

6. ІІМ МКҚБ-ның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі.

ҚР Ішкі істер министрінің 2014.02.12. № 864 бұйрығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. ІІМ МКҚБ-ның заңды мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Әл-Фараби шағын ауданы, Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, 36/1 үй.

 

 

2. ІІМ МКҚБ-ның заңдық мәртебесі

 

8. ІІМ МКҚБ мемлекеттік тіркеудін өткен сәттен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ІІМ МКҚБ-ның дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және мемлекеттік мекеменің атауы бейнеленген бланкілері, мөрі бар.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции