(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.29.07 № 477 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2014 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 477 бұйрығына
16-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы
(Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы) (бұдан әрі - ІІМ МКҚБ) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін және өз құзіреті шегінде мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер мен жеке тұлғаларды күзету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. ІІМ МКҚБ республикалық мемлекеттік мекеменің түріне жатады.
3. ІІМ МКҚБ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысымен құрылған.
4. ІІМ МКҚБ-ның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) болып табылады.
5. Күзет қызметі саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты субъекті функциясының құқығы бойынша жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы ІІМ болып табылады.
6. ІІМ МКҚБ-ның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі.
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әл-Фараби шағын ауданы, 16/1.
2. ІІМ МКҚБ-ның заңдық мәртебесі
8. ІІМ МКҚБ мемлекеттік тіркеудін өткен сәттен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ІІМ МКҚБ-ның дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және мемлекеттік мекеменің атауы бейнеленген бланкілері, мөрі бар.
10. ІІМ МКҚБ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде қатыса, сондай-ақ құра алмайды.
Редакция документа
Демо – версия документа