Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 11-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.13.03. № 185 бұйрығымен алып тасталды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 477 бұйрығына
11-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (бұдан әрі - Департамент) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мен азаматтық мәселелері жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Ішкі істер министрі бекітеді.
1) Басшылықтан;
2) Сыртқы көші-қон басқармасынан;
3) Визалық жұмыс басқармасынан;
4) Азаматтық, иммиграция және босқындармен жұмыс басқармасынан;
5) Халықты құжаттандыру және тіркеу басқармасынан;
6) Кеңседен тұрады.
2. Департаменттің негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері
5. Міндеті: халықтың көші-қоны саласындағы, сондай босқындар мен азаматтық мәселелері бойынша ішкі істер органдарының қызметін реттеу.
Функциялары:
1) мынадай:
заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және тіркеу;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруы үшін құжаттар ресімдеу;
елден тұрақты тұрғылықты жерге шығу;
Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру, есепке алу және тіркеу;
пана іздеген адамдармен және босқындармен жұмыс;
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа