Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 3-қосымша) (2015.19.01. берілген толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 477 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы

ереже
(2015.19.01. берілген толықтырулармен)



1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұдан әрі - ӨҚД) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) дербес жедел-тергеу құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. ӨҚД өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. ӨҚД-ның құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді.

4. ӨҚД:

1) Басшылықтан;

2) Талдау және ұйымдастыру жұмысы басқармасынан;

3) Жедел жұмысты ұйымдастыру басқармасынан;

4) Қызметтік тексеру және тергеу басқармасынан;

5) Жеке құрам жөніндегі инспекциядан;

6) Тергеу және жедел ден қою тобынан тұрады.

ҚР Ішкі істер министрінің 2015.19.01. № 36 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) өзіндік қауіпсіздік басқармалары ІІД-нің құрылымына кіретін, ӨҚД-ға тігінен (тура) бағынатын және есеп беретін дербес басқармалар болып табылады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы, Төтенше жағдайлар комитетінің өзіндік қауіпсіздік тобы, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі - ҚАЖД) және төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖД) өзіндік қауіпсіздік топтары ӨҚД-ға тігінен (тура) бағынатын және есеп беретін дербес құрылымдық бөліністер болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции