(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.29.07 № 477 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2015 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 477 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұдан әрі - ӨҚД) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) дербес жедел-тергеу құрылымдық бөлінісі болып табылады.
2. ӨҚД өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. ӨҚД-ның құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді.
1) Басшылықтан;
2) Талдау және ұйымдастыру жұмысы басқармасынан;
3) Жедел жұмысты ұйымдастыру басқармасынан;
4) Қызметтік тексеру және тергеу басқармасынан;
5) Жеке құрам жөніндегі инспекциядан;
6) Тергеу және жедел ден қою тобынан тұрады.
5. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) өзіндік қауіпсіздік басқармалары ІІД-нің құрылымына кіретін, ӨҚД-ға тігінен (тура) бағынатын және есеп беретін дербес басқармалар болып табылады.
IIД Кадр жұмысы басқармаларының, МКҚБ, ІІМ білім беру ұйымдары кадр жұмысы бөліністерінің жеке құрам жөніндегі инспекциялары ӨҚД-ға және ІІД ӨҚБ-ға тігінен (тура) бағынады.
2. ӨҚД-ның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
6. Міндеті: азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
Функциялары:
1) ӨҚД-ның құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Редакция документа
Демо – версия документа