(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2014.30.01 № 34 БҰЙРЫҒЫНА 6...
Осы редакция 2014 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 34 бұйрығына
6-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Осы «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі) ҚР көлік және комуникация министрлігі Халыққа қызмет көрсету мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру және бақылау комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі - Орталық) арқылы «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (одан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме (қағаз жеткізгіште).
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар пакетін қоса отырып, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу туралы жазбаша өтінішті қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орталыққа жүгінуі көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) басталуына негіздеме болып табылады.
5. Өз қызметтік міндеттеріне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші қызметкері орталықтан құжаттарды қабылдау тәсілін, Орталықтан құжат есебі кітабы арқылы жүзеге асырылады, содан кейін ағымдағы 1 жұмыс күн ішінде орындауды жүзеге асыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қабылданған құжаттарды береді.
Редакция документа
Демо – версия документа