«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 751 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысымен
бекітілген
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (одан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан және көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдер:
1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
мемлекеттік қызмет екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру жазбаша өтініш келіп түскен кезден бастап екінші жұмыс күнінде жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталудан бір күн бұрын береді).
Документ утратил силу
Демо – версия документа